$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2021, 01:15
Оқиғалар

ТЖД Ақтаудағы жарылған ғимаратқа қатысты жаңа деректер айтты

Оқиға орнында барлығы 200-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр

ТЖД Ақтаудағы жарылған ғимаратқа қатысты жаңа деректер айтты
Фото ашық дереккөзден

Ақтаудағы жойқын жарылыстан зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ. Жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі ауруханаларға көмек сұрап ешкімнің хабарласпағанын да айтып отыр. Ал, Төтенше жағдайлар басқармасы аталған ғимаратта кімдердің жұмыс істегенін мәлімдеді.

Ақтау қалалық Төтенше жағдайдар басқармасының басшысы Жандос Кенжебаевтың айтуынша, жарылған ғимаратта асхана, автокөлік жөндеу орталығы, тігін цехы және қойма болған.

Ал, асхана иесі кешкі сағат жетілер шамасында есікке құлып салып, отбасымен үйіне қайтқанын айтып отыр. Дегенмен, екінші қабатта және ғимараттың басқа бөлігінде адамның болған-болмағанын білмейтінін айтты.

Қазіргі таңда оқиға орнында ТЖД-ның, полицияның және әкімдіктің барлығы 200-ге жуық маманы жұмыс істеп жатыр. Олар үйінділерді аршуда. Адамдарға иісшіл иттер де көмектесіп жатқанын құтқарушылар мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары