$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.11.2021, 14:48
Оқиғалар

Қарағанды облысында кеншілердің улану дерегі бойынша тергеу басталды

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

 

Қарағанды облысында кеншілердің улану дерегі бойынша тергеу басталды
Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында алты адам қаза тауып, екі адам ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген апаттан соң полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Абай ауданындағы шахтада метан газының таралу фактісі бойынша «Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының Полиия департаментінің  өкілдері.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Еске салсақ, 7 қараша күні сағат 08:30-да «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл уақытта жер астында 64 адам болған. 52 кенші жер бетіне шығарылды. 6 адам қаза тауып, 2-уі зардап шекті.

Сондай-ақ жарылыс салдарынан көз жұмған шахтерлердің аты-жөні жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған шахтерлердің отбасына көңіл айтып, Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар апаттан зардап шеккен 2 кеншінің ауыр халде жатқанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары