$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.11.2021, 11:34
Оқиғалар

Қарағанды облысында шахтада жарылыс болып, 6 адам қаза тапты

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

 

 

Қарағанды облысында шахтада жарылыс болып, 6 адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы Абай шахтасында бүгін сағат 08.30-да көмір мен газ жарылысы болып, 6 адам оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жарылыс кезінде жер астында 64 адам болған. Қазір 56 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетіледі», – деп жазды облыс әкімі.

Сондай-ақ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли шахтада 8 кеншінің метан газының құрсауында қалғанын мәлім етті.

«Сағат 09.30-да Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне Абай қаласындағы Абай шахтасында К10 желдету штрегіне метан газы тарағаны туралы ақпарат келіп түсті. Іште шамамен 8 қызметкер қалып отыр», - деді Талғат Уәли.

Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен арнайы қызметкерлер мен техникалар шыққан. Мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қарағанды облысына Төтенше жағдайлар министрі аттанды.

«ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен комиссия оқиға орнына шықты. Алдын ала ақпарат бойынша шахтада барлығы 64 жұмысшы болған. 3-К10 кенжарында 8 қызметкер бар (ақпарат нақтыланып жатыр). Кенжардағы 8 қызметкердің 6-уы қаза болды, екі қызметкер жарақат алған (олардың да жағдайы нақтыланып жатыр). Қазір зардап шеккен кеншілерді шахтадан жер бетіне алып шығу жұмыстары жүріп жатыр», - деді ресми өкіл.

 
Серіктес жаңалықтары