Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысып, 7 адам зардап шекті

Azattyq Rýhy

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерді қалалық ауруханаларға алып кетті

 
Фото: Nur.kz

Алматыдағы Абылай хан мен Төле би даңғылдарының қиылысында автобус пен троллейбус соқтығысып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, троллейбус Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Ал автобус Төле би көшесімен шығыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, автобус бағдаршамның қызыл шамын елеместен, тоқтамай алға жүре берген сәтте, троллейбусты соққан.

Қатты соққыдан автобус шыр айналып барып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Жол-көлік апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушілері, сондай-ақ автобустың бес жолаушысы зардап шекті. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көлігі оларды қалалық ауруханаларға алып кетті. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.