$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2021, 23:50
Оқиғалар

Банкте жүйенің істен шыққанын пайдаланып 416 млн теңгені жымқырған кәсіпкер сотталды

Ол ақшаны таныстарының картасы арқылы шешіп алған

Банкте жүйенің істен шыққанын пайдаланып 416 млн теңгені жымқырған кәсіпкер сотталды
Фото ашық дереккөзден

Қостанайлық кәсіпкер банк жүйесіндегі қателіктерді пайдаланып, 416 мле теңгені жымқырған. Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

Полиция департаменті хабарлағандай,  кәсіпкер бір қателік кеткенін білсе де, бөтеннің қаражатын алудан еш қаймықпаған.

Оқиғаның жай-жапсары хабарламада: «55 жастағы кәсіпкер досынан пайдалану үшін банк картасын алып, картаның шотына 500 мың теңге салған. Бұл соманы тауарды төлеуге аударғаннан кейін ол картада тағы осындай көлемдегі ақша пайда болғанын біледі. Сонымен екі күн ішінде кәсіпкерге 416 миллион теңгеден астам қаржы түскен. Белгілі болғандай, банкте жүйе істен шыққан. Сонда да пысық қостанайлық еш саспаған. Ол ақшаны елдегі таныстары мен достарының картасына аудара бастаған, осылайша олар аударылған ақшаны алып, өзіне қайтарып алады. Ер адам картамен мәселе туындауына байланысты оларға ақша шеше алмайтынын айтып түсіндірген»,- деп баяндалған.

Қостанай қаласы ПБ жедел уәкілдері жедел іздестіру шаралары барысында интернет ұрысын анықтап, ұстады.

Нәтижесінде сот үкімімен қостанайлық жеті жылға бас бостандығынан айырылды.


 

 

Серіктес жаңалықтары