$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2021, 21:41
Оқиғалар

Бұрынғы әріптесін жалдамалы пәтерге шақырып, зорлық көрсеткен азамат 6 жылға сотталды

Ол бұрынғы әріптесіне жаңажылдық мерекелік кеш ұйымдастырамыз деп сылтауратқан

Бұрынғы әріптесін жалдамалы пәтерге шақырып, зорлық көрсеткен азамат 6 жылға сотталды
Фото ашық дереккөзден

Бұрынғы әріптесін зорлаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы хабарлады. Медеу ауданы аудандық сотының үкімімен Ш. есімді азамат ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі, 121-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

«Бірлесіп жаңа жылдық кештер ұйымдастырамыз» деген желеумен бұрын бірге жұмыс істеген Б.есімді азаматшаны бір пәтерге шақырған. Сол пәтерде ер адам жәбірленушіні ұрып-соғып, бірнеше сағат бойы зорлаған.

«Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеу амалдарымен Ш.есімді азаматтың кінәсі толық дәлелденді», – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.



 

Серіктес жаңалықтары