$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2021, 17:52
Оқиғалар

СҚО-да көлік жүргізушісінен 150 мың теңге алған МАИ қызметкерлеріне 1,5 млн теңге айыппұл салынды

Олар өмір бойы мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда қызмет атқару құқығынан айырылды

СҚО-да көлік жүргізушісінен 150 мың теңге алған МАИ қызметкерлеріне 1,5 млн теңге айыппұл салынды

Петропавлда сотқа дейінгі тергеу кезінде осы жылдың 24 сәуірінде МАИ қызметкерлері  Аслан Құсайынов пен Фархад Кәкенов көлік жүргізушісін тоқтатып, одан әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 150 000 теңге көлемінде ақша алғаны анықталды деп деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, жәбірленуші полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңсыздығын түсініп, өзінің ешқандай құқық бұзушылық жасамағанын анық біліп, СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жүгінді. Жасырын тергеу жүргізу барысында құқық бұзушылық әшкереленді.

«Осы жылдың 12 қазанында Петропавл қалалық сотының үкімімен алаяқтық жасағаны үшін ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша Аслан Құсайынов пен Фархад Кәкеновке әрқайсысына 10 есе мөлшерде айыппұл салынды, бұл бір миллион бес жүз мың теңгені құрайды, сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда қызмет атқару құқығынан айырылды», - деді Нұрлан Жахин.

Сол сияқты ҚР ҚК 1-бөлімінің 49-бабына сәйкес Құсайынов «полиция лейтенанты» арнаулы атағынан, сондай-ақ Кәкенов «полиция аға лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары