Өскеменде тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды

Azattyq Rýhy

Ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін

Фото ашық дереккөзден

Өскемен қаласында көпқабатты үйлердің бірінің алдынан тұрғындар ер адамның мәйітін тауып алды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәйіт Потанин көшесіндегі көпқабатты үйдің алдынан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм өзіне қол салған болуы мүмкін. Көпқабатты үй тұрғындары терезе астынан ер адамның денесін көріп, полицияға қоңырау шалады. Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл келіп жеткен.

Қазіргі уақытта марқұмның кім екендігі анықталуда. Әзірге белгілісі 1996 жылғы жігіт Өскемен қаласының тұрғыны.

 «Ер адам терезеден секіріп, өзіне қол салған болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Істің мән-жайы тексерілу үстінде», - делінген ақпаратта.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.