$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2021, 15:34
Оқиғалар

Қызылордада ақша бопсалағандар қылмыс үстінде ұсталды

Шиелі ауданының күдікті үш тұрғыны ұсталды

Қызылордада ақша бопсалағандар қылмыс үстінде ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Қызылордада ақша бопсалағандар қылмыс үстінде қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың жаз айларынан бастап Қызылорда облысы Шиелі кентінде орналасқан ойын-сауық орнының меңгерушісінен ауданның бір топ жас жігіттері ақша сұрап, бопсалаған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеп-тексеру барысында бұл тұлғалардың жәбірленушіден бірнеше мәрте ақша алғандығы белгілі болды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 29 қазан күні сағат 17:00 шамасында Шиелі кентінің 29 жастағы тұрғыны құрықталып, айғақ зат ретінде жәбірленушіден алынған ақша тәркіленді. Сонымен қатар, аудан орталығынан Шиелі ауданының күдікті үш тұрғыны ұсталды.

Төрт күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда қылмыстық іс шеңберінде басқа да тұлғалар мен мән-жайлар анықталып, тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары