Қостанайда полиция қызметкері көпірден секірген бозбаланы құтқарып қалды
17 жастағы жігіт мұндай қадамға сүйіктісімен ұрысып қалған соң барған
Кешкісін 17 жасар бозбала Қостанайдағы үлкен көпірден секіріп кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары ойланбастан суға сүңгіп, тұншығып жатқан жігітті жағаға алып шықты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, хабар түсе салысымен, полиция лейтенанты Батыржан Бейсенбин мен аға лейтенант Мырзахан Сұлтанов оқиға орнына 2 минутта жеткен. .
«Біз үстінде жылы күртесі бар адамның суға тұншығып жатқанын көрдік. Жылы киінген адамның суық суда бірден батып кету қаупі бар болғандықтан, ойланбастан суға секірдік»,- дейді Батыржан Бейсенбин.
Суға батқан жігіт пен полиция қызметкерлеріне жедел жәрдем дәрігерлері медициналық көмек көрсеткен.