02.11.2021, 05:28
Оқиғалар
Алматы облысында қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлер қолға түсті
Олар тапа-тал түсте бетперде киіп, жалғызбасты әйелдің үйін тонаған
Фото ашық дереккөзден
Алматы облысының Іле ауданына қарасты Көкқайнар ауылындағы үйлердің бірін тонау үшін қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлер ұсталды, деп хабарлайды Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жалғызбасты әйелдің үйіне баса-көктеп кірген екі азамат мылтық кезеп, ұрып-соғу арқылы әйел кісінің алтын бұйымдарын алып кеткен.
Іле аудандық полиция департаментінің тергеушілері жедел іс-қимыл шарасын ұйымдастырып, күдіктілерді анықтады. Көп ұзамай 35 және 53 жастағы қос қылмыскер Алматы қаласында тұтқындалды.
Қолға түскен күдіктілерден 16-шы калибрлі шолақ мылтық пен заттай айғақ болатын алтын бұйымдар тәркіленді. Аталған іске қатысты ҚК 192-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 07:24
27 маусымға арналған ауа райы болжамы