$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2021, 23:53
Оқиғалар

Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының бойында жеті көлік соқтығысты

Зардап шеккендер арасында 9 жасар бала бар

Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының бойында жеті көлік соқтығысты
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының бойында жеті көлік апатқа ұшырап, төрт жолаушы, оның ішінде тоғыз жастағы бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Біржан сал ауданы ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 186 шақырымында жол апаты болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.  

"Toyota Camry жүргізушісі, Нұр-Сұлтан қаласының 22 жастағы тұрғыны Петропавл бағытында келе жатып, орталық қисық сызықты білеуді соғып кеткен. Жол апаты салдарынан әртүрлі маркадағы жеті көлік соқтығысты. 4 жолаушы, оның ішінде 9 жасар бала түрлі дене жарақатымен Бұланды ауданының орталық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, көлік жүргізушілері сау.

Серіктес жаңалықтары