$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2021, 23:27
Оқиғалар

Алматы облысында адам өлтірді деген күдікпен шетелдік екі азамат ұсталды

Олар қазір уақытша ұстау изоляторында

Алматы облысында адам өлтірді деген күдікпен шетелдік екі азамат ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында 45 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен Тәжікстан мен Өзбекстанның екі азаматы қолға түсті. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада көрсетілгендей, 25 қазан күні Іле аудандық полициясына Қосөзен ауылындағы саяжайдың біріндегі үйден ер азаматтың азаптап өлтірілген мүрдесі табылғаны жөнінде хабар түскен.

«Тергеу кезінде қайтыс болған адамның Жапек батыр ауылының 45 жастағы тұрғыны екені анықталды. 4 күннен кейін жедел іздестіру кезінде Өзбекстан мен Тәжікстаннан табыс табу үшін келген 38 жастағы екі тұрғын ұсталды. Олар келтірілген дәлелдерден кейін өз кінәларын мойындады»,- делінген хабарламада.

Қазір екі күдікті адам кісі өлтіру бабы бойынша тергеліп жатыр. Көрші елдің азаматтары уақытша ұстау изоляторына қамалды.


 

 

Серіктес жаңалықтары