$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2021, 22:08
Оқиғалар

«От жағушы болып жұмыс істеген»: 12 күн бойы іздеуде болған Қосшы тұрғыны табылды

Әйел Нұр-Сұлтан қаласының жеке секторында орналасқан үйлердің бірінде болған

«От жағушы болып жұмыс істеген»: 12 күн бойы іздеуде болған Қосшы тұрғыны табылды
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында он екі күн бойы іздеуде болған Қосшы тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласынан табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Биылғы жылғы қазанның 31-інде сағат 15:05 шамасында Целиноград аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осыдан он екі күн бұрын жоғалған Қосшы қаласының 1991 жылғы тұрғыны Сандуғаш Таубайқызы Бекішованы Нұр-Сұлтан қаласының жеке секторында орналасқан үйлердің бірінен тапты, онда ол от жағушы болып жұмыс істеген», - делінген хабарламада

Айта кетейік, 2021 жылдың 20-шы қазанында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қосшы қаласының 38 жастағы тұрғыны өтінішпен жүгініп, әйелін іздеп табу үшін көмек сұраған.

«Із-түзсіз жоғалған адамды іздеу шараларына Ақмола облыстық Полиция департаментінің және аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамы бағытталды. Сондай – ақ, жергілікті тұрғындар мен еріктілер тартылды. Олар он екі күн бойы жоғалған әйелді іздеді. Қазір әйел үйінде, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндіп тұрған жоқ», - деп хабарлайды ведомство.


 

 

Серіктес жаңалықтары