Атырауда көпірден секіріп кеткен ер адам құтқарылды
Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған
Атырауда орталық жол бойындағы көпірден секіріп кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 қазан күні 38 жастағы ер адам мас күйінде көпірден Жайық өзеніне секіріп кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оқиғаға 42 жастағы қала тұрғыны Мақсат Сүйенбеков куә болып, ер адамды құтқарып қалған.
«Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі мен ТЖД қызметкерлері шығып кетті. Ер адам көмек алу үшін дәрігерлерге тапсырылды. Оған жамбас сүйгінің сынуы диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді облыстың Төтенше жағдайлар департаменті.