$ 529.7  545.96  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2021, 21:49
Оқиғалар

Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот қарауы өтетін күн белгіленді

Сотталушы істі алқабилер сотының қарауынан бас тартты

Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот қарауы өтетін күн белгіленді

Аяжан Еділованы зорлау және өлтіру ісі бойынша басты сот қарауы 9 қарашада басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алдын ала тыңдау аяқталды. Оның қорытындысы бойынша, басты сот талқылауының күні 9 қарашаға сағат 10:00-ге белгіленді. Процесс жабық режимде өтеді», - делінген сот хабарламасында.

Алдын ала тыңдауларда сотталушы істі алқабилер сотының қарауынан бас тартты.

«Заңға сәйкес, істі судья жалғыз өзі қарайды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 19 жастағы Аяжан 19 наурыз күні кешкісін жұмысынан шығып, қайта оралмаған. Араға екі күн салып оның бөлшектелген денесі Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылды. 26 наурызда Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі 19 жастағы қызды айуандықпен өлтірген қанды оқиға жайлы баяндады.

Күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін қыздың денесін қаланың әр ауданындағы қоқыс контейнерлеріне апарып тастаған. Ұсталған азамат жедел іздестіру тобына бұл мәлметтерді өзі айтып берген. Содан кейін күдікті Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ол осы оқиғадан кейін өзіне қол жұмсамақ болған.

 
Серіктес жаңалықтары