Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында шыққан өрттен зардап шеккендер жоқ

Azattyq Rýhy

Өрт болғанға дейін 30 минут бұрын электр энергиясы апаттық жағдайда істен шықты

Фото ашық дереккөзден

Павлодар облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы төтенше жағдай болып, 112 бала және 76 аурухана қызметкері эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Оның ішінде 17 адамға толық тексеріс жүргізілген. Павлодар облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Ардақ Күзековтің айтуынша зардап шеккендер жоқ.

«Өрт болғанға дейін 30 минут бұрын электр энергиясы апаттық жағдайда істен шықты. Электр қызметкерінің тоқты қайта қосуы кезінде қысым пайда болып, бұл жағдай тұтануға алып келді», ˗ дейді А. Күзеков.

Белгілі болғандай, апаттан ауруханаға ешқандай шығын келмеген. Айта кетерлігі, бір жыл бұрын төтенше жағдайлар қызметі тексеріс кезінде ауруханаға ескерту жасаған. Бұл мәселеде аурухана директоры «барлық ескертпелерді орындадық, олқылықтар жоқ» деп жауап берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.