$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2021, 18:18
Оқиғалар

Қырғызстандық келіншек Қордайдағы бес жасар қызын көруді армандайды

Одан сүт безінің қатерлі ісігі анықталды

Қырғызстандық келіншек Қордайдағы бес жасар қызын көруді армандайды

Онкологиялық аурудың ауыр түріне шалдыққан қырғызстандық келіншек Қазақстандағы 5 жасар қызын көруді армандайды. Алайда Жамбыл облысының Қордай ауданында тұрып жатқан жолдасы бүлдіршінді анасымен кездестіруге қарсылық танытып жүр екен. Бұл туралы 24.kg сайтында жарияланды.

Алина Батурова қайтыс болғанға дейін Жамбыл облысы Қордай ауданында тұратын бес жасар қызын көруге мүмкіндік беруін өтінуде. Айтуынша, оның жолдасы Уәлихан Батуров қызды Қырғызстанға апарудан бас тартып, тіпті баланың анасымен мүлдем хабарласпайды. Ал Алинаның өзі денсаулығына байланысты Қордай қаласына бара алмайды.

Бүгінде науқастың еміне көмек қолын созып жүрген онкологиялық орталықтың директоры Шайыр Сағынбаева Алинаның жағдайы тым ауыр екенін ауыр айтты.

«Алинаның жағдайы өте ауыр. Біз әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шықтық. Ол жерде оның бұдан былай сөйлей алмайтыны анық көрінген. Оған анасы қарайласып отыр. Ол үнемі қызының жанында, өйткені ол кез-келген уақытта «Алинадан айырылып қаламын ба?» деп қорқады», - дейді Шайыр Сағынбаева.

Алина Ұлттық онкология орталығында медбике болып жұмыс істеген. 2015 жылы шекара маңындағы Жамбыл облысы Қордай ауылының тұрғынына тұрмысқа шыққан.

«Ол күн сайын Қордайдан Бішкекке жұмысқа барып-келіп қатынайтын. Содан кейін ол жүкті болып, қыз туды. Бала 1,2 жасқа толған кезде Алинада сүт безінің қатерлі ісігі анықталды. Алинаның анасы қызын Қазақстанда тегін емделуге тіркеуге қоюды өтінгенде, одан $100 талап еткен. Ал ақшаны әкелген кезде 300 доллар сұраған. Сол сәтте Алинаны анасы Қырғызстанға алып кетіп, өз елінде емдемек болды», - дейді Шайыр Сағынбаева.

Алина ем шараларын алғаннан кейін Қордайға отбасына оралған. Бірақ ауру одан әрі өрши түскендіктен қайтадан Бішкекке қайтуына тура келген.

«Омырауын кескендіктен, оған көлікпен жүруге, шайқалуға болмайды, дәрігердің ұсынымдарын сақтау керек болды. Ол Бішкекте, қызы жұбайымен Қордай ауылында қалды. Енесі баланы бағып-қағып жатқанына ризашылығымызды білдіреміз. Бірақ оның Алинаның күйеуінің мұндай әрекеті адамгершілікке жатпайды. Ауру басталғалы бері оған намысына тиетін хабарламалар жіберіп, тіпті өлім тіледі. Бес жыл бойына оның жағдайын сұрамады. Күйеуінің туыстары Алинаның ауыр науқас екенін білмейді», - дейді орталықтың директоры.

Сонымен қатар Шайыр Сағынбаева kaktus.media порталына берген сұхбатында Алина Батурованың соңғы арманын орындау үшін көпшіліктен қолдау сұрады.

«Қазір Алинаның санаулы күндері қалды, ал оның соңғы тілегі – қызын көру, оны құшақтау.  Келіншектің қызын ең болмаса бір күнге әкелу туралы күйеуіне жасаған өтінішінің бәрі сәтсіз болды. Барлық жанашыр азаматтардан көмектесулеріңізді сұраймыз! Уәлиханның туыстары болса қолдау көрсетулеріңізді өтінеміз», - деді Шайыр Сағынбаева.

Серіктес жаңалықтары