18.10.2021, 11:17
Оқиғалар
Астанада мотоцикл жүргізушісі жол апатынан көз жұмды
Ол Daewoo Nexıa көлігімен соқтығысқан
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл көлік мотоциклмен соқтығысып, бір адам мерт болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
«17 қазан күні сағат 16:54 шамасында «Daewoo Nexıa» көлігінің жүргізушісі Абылай хан даңғылымен кетіп бара жатып, Жансүгіров көшесімен қиылысатын тұста мотоциклмен соқтығысқан. Соның салдарынан мотоциклдің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды», - делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды. Полиция департаменті жүргізушілерге жолда өте сақ болып жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
