$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2021, 03:38
Оқиғалар

ШҚО-да сауда өкілі жұмыс берушісінің 2 млн теңге ақшасын иемденіп кеткен

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

 

ШҚО-да сауда өкілі жұмыс берушісінің 2 млн теңге ақшасын иемденіп кеткен
inform.kz

ШҚО-да сауда өкілі жұмыс берушісінің 2 миллион теңгеге жуық қаржысын иемденіп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының соңында Глубокое аудандық полиция бөліміне аудандағы ЖШС-нің бірінің директорынан арыз келіп түсті. Ол қоластында істейтін 28 жастағы ЖШС сауда өкілінің 2021 жылғы 10-20 маусым аралығында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Глубокое ауданының аумағында орналасқан дүкендерде кәсіпорын өнімдері үшін төлем жинағанын және жиналған ақшалай қаражатты өз қалтасына басқанын айтқан. Шығын сомасы 1 900 000 теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні жеткізді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары