Екі адам көз жұмды: Ақтауда жол апатына ұшыраған үшеудің жағдайы ауыр
Қарсы бағытқа шығып кеткен Chevrolet және «Нексиа» көліктері инкассатор көлігіне соғылған
Маңғыстау облысында ірі жол апатына ұшыраған үш жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың сүйегі сынып, ішкі ағзасы зақымданған дейді дәрігерлер, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
«Екі науқас травматология пунктінен қаралып үйіне жіберілді. Үшеуі «қызыл» аймақта өте ауыр жағдаймен келген. Бүкіл мамандар қарап, екі науқас шұғыл отаға алынды. Қазір үшеуі жансақтау бөлімінде, жағдайы өте ауыр. Аппараттпен демалып жатыр», – деді Маңғыстау облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі Есет Шахатбаев.
Жантүршігерлік жол апаты Ақтау – Мұнайлы тасжолында болған болатын. Қарсы бағытқа шығып кеткен Chevrolet және «Нексиа» көліктері инкассатор көлігіне соғылған. Екі адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Қалған бес жолаушы дереу ауруханаға жеткізілген. Апатқа нақты кімнің кінәлі екенін тергеушілер анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз: Ақтауда адам өлімімен аяқталған жол апаты болды
«Жол апатынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен бес адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде. Тіркелетін көптеген жол көлік оқиғаларының себебі – автокөліктердің қарсы бағытқа шығып кетуі», - деді Маңғыстау облысы ПД ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы кетуі Жаннұр Таңатарова.