ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

СҚО-да жеңіл автокөлік 14 қойды басып кетті

Оқиға салдарынан жүргізуші зардап шеккен жоқ

 

11 қазанға қараған түні «Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолының 370 шақырымында Тайынша ауданы Кременчуг ауылының маңында отар қой ВАЗ 2115 автокөлігінің астына түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік жүргізуші – Көкшетау қаласының 36 жастағы тұрғыны кенет алдынан жануарлар шыққан сәтте көлігін тоқтатып үлгере алмаған. Қақтығыс салдарынан 14 бас мал өлді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, машина зақымдалған.

Жануарлардың жолдың жүріс бөлігінде болуына жол берген иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

«Осындай жол-көлік оқиғасы қыркүйек айының соңында Есіл ауданының аумағында болды. Полиция қызметкерлері осындай оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін еркін мал жаю фактілерінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде. Мал айдаушыларға да қырағылық таныту керек. Олар жол қозғалысының басқа қатысушылары екендігін естен шығармаған жөн және жазылған қағидаларды орындау қажет. Мал иелері мен бақташылардан жануарлардың жолда кенеттен пайда болуына байланысты апаттық жағдайларды болдырмау жөнінде шаралар қабылдауды сұраймыз. Сондай-ақ, малды жол бойымен айдап өтуді тәуліктің жарық уақытында жүзеге асыру керек, қараңғы уақытта жақындап келе жатқан автомобильдерге фонарьмен немесе алаумен сигнал беру міндетті», – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.