Павлодарлық әйел көңілдесі үшін баласын тастап кеткен

Әжесі немересін заңды түрде асырап алғысы келеді

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында тұратын әйел жаңа көңілдесі үшін баласын тастап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бірнеше күн бұрын бізге Лекер ауылының тұрғыны жолықты. Ол келіні бір жарым жасар баласын тастап, өзі кетіп қалғанын айтты. Анасы үш айдан бері баласын іздеп келмеген. Полиция қызметкерлері сәбидің анасын іздеп тапты. Оның өзге ауылға көшіп, басқа ер адаммен тұрып жатқаны анықталды», - дейді Павлодар облысы Баянауыл ауданының полиция бастығы Талғат Садықов.

Полицейлер ҚР ӘҚБК 127-бабының 1-бөлігі бойынша баланың анасына қатысты әкімшілік материал қозғады.

Сондай-ақ, қамқоршылық органдары да осы мәселемен айналысып жатыр. Себебі әжесі немересінің жағдайына алаңдағандықтан заңды түрде қамқоршысы болғанын қалайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.