ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Қостанайда 6 жасар бала құдыққа құлап кетті

Аталған жайтқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады

Көрнекі фото

Қостанайдың орталық көшелерінің бірінде 6 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті деп жазады Alau.kz.

Аталған жайтқа қатысты облыстық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 279-бабының 1-тармағымен іс қозғалғанын мәлімдеді.

Кішкентай баланың беті ашық құдыққа түсіп кеткені туралы оның әкесі Берік Игіліков жазған болатын.

«26 желтоқсанда сағат 13:30 шамасында мен әйелімді Гоголь көшесіндегі сұлулық салонына алып келгем. Ал, өзім балаларыммен серуендемек болдым. Балалар артымда келе жатқан, бір кезде кіші ұлым: «әке, Мансұр құлап кетті» деп айқайлады. Артыма қарасам үлкен ұлым жоқ», - деді Қостанай тұрғыны.

Оның айтуынша, кәріз құдығының беті қармен жабылып қалған, оны бала байқамай үстінен баса салыпты.

«Жанымызда бойшаң келген жігіт өтіп бара жатқан, ол дереу көмекке ұмтылды, құдыққа түсіп, баланы алып шықты. Балам арқамен бетонға құлапты, біз оны дереу ауруханаға жеткізіп, сонда түнеп шықтық. Қуанышымызға орай айтарлықтай жарақаттары жоқ. Ол тілін қатты тістеп алған және шынтағын жаралапты», - деді Б.Игіліков.