$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2021, 11:37
Оқиғалар

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 1 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 8 қазан күні сағат 17:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында болған

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 1 адам қаза тапты
Видеодан кадр

Алматы облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 8 қазан күні сағат 17:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында болған.

Алматы – Көкпек – Көктал тасжолының 39-шы шақырымында Mercedes-Benz автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Audi C-4 және Toyota Camry көліктеріне соғылған.

«Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Түрлі ауыр жарақат алған екі адам ауруханаға жатқызылды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары