$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2021, 10:17
Оқиғалар

Ақмола облысында Қызыл кітапқа енген аққуды атқандар ұсталды

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының 41 және 42 жастағы екі тұрғынын анықтады

Ақмола облысында Қызыл кітапқа енген аққуды атқандар ұсталды

Ақмола облысында Қызыл кітапқа енген аққуды атқандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қазанда Егіндікөл АПБ кезекші бөліміне аумақтық орман шаруашылығы қызметкерінен телефон хабарламасы келіп түсті. Ол «Жұлдыз» аңшылық шаруашылығы аумағында белгісіз тұлғалардың заңсыз аң аулаумен айналысып жүргенін хабарлады. Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының 41 және 42 жастағы екі тұрғынын анықтады.

Оқиға болған жерді тексеру барысында полиция қызметкерлері бір аққу ұшасын, ұсталғандарға тіркелген екі мылтықты, сондай-ақ гильзалар, 60-тан астам патрон, патронташ тәркіледі. Алдын ала шығын 5 млн 250 мың теңгені құрайды.  

«Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактісі бойынша Егіндікөл аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Сараптама тағайындалды», - делінген ПД хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, аймақта бұл суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салынған. Аққулар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізіміне жатады және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Серіктес жаңалықтары