$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2021, 10:09
Оқиғалар

Түркістанда жоғалып кеткен жасөспірім қыз табылды

Ол ата-анасымен ренжісіп, үйінен кетіп қалған

Түркістанда жоғалып кеткен жасөспірім қыз табылды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында ата-анасымен ұрысып қалып, жоғалған кеткен 13 жасар қыз табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданы полиция бөліміне кешкі сағат 20:00 шамасында Көктерек ауылының тұрғыны 13 жасар қызының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып арызданған. Сондай-ақ анасының өз қызын іздеп жүргеніне біршама уақыт болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.

Түлкібас аудандық ПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған қызды табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қала көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде кәмелет жасына толмаған қызды ауыл ішінен тапты.

Осылайша, жоғалған 13 жасар қыз полиция қызметкерлерінің арқасында аман-сау ата-анасына табысталды. Тексеру барысында тәртіп сақшылары қыздың ата-анасымен ұрысып үйінен кетіп қалғанын анықтады.

Серіктес жаңалықтары