БҚО тұрғыны букмекерлік кеңсені өртеп жібермек болды
Ол қалтасындағы бар ақшасын құмар ойынға ұтылған
Батыс Қазақстан облысыАқсай қаласында жергілікті тұрғын букмекерлік кеңсені өртейін деп жатқан жерінде ұсталды деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Железнодорожная көшесіндегі ғимаратта болған. Бәс тігіп, қалтасындағы барынан айрылған жігіт кассир қыздан ақшасын қайтарып беруді талап етеді. «Жоқ» деген жауап естігеннен кейін ашуға булығып, ғимараттың сыртына жанғыш сұйықтық төге бастаған. Абырой болғанда, жақын маңда жүрген полицейлер жігіттің күдікті әрекетін байқап қалып, оқиға орнына дереу жеткен. Олар жігітті дереу ұстап, полиция бөлімшесіне алып кетті.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1 тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.