06.10.2021, 16:58
Оқиғалар
Павлодарда мектеп автобусы жол апатына түсті
Сараптама тағайындалды. Тексеру жүріп жатыр
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 6 қазан күні сағат 14.15-те Елгин - Щедрин көшелерінің қиылысында «КАМАЗ» маркалы өрт сөндіру автокөлігі мен «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусы соқтығысқан. Салдарынан автобус көлік тұрағындағы «Фольксваген» автомобиліне барып соғылды.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді», - делінген ведомство хабарламасында.
Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды