06.10.2021, 15:21
Оқиғалар
Елімізде табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 700-ден аса адам жазаға тартылды
Оларға 8 млн теңгеден астам сомма айыппұл салынды
Қазақстанда жыл басынан бері 820 табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның ішінде 768-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 8 млн теңгеден астам сомма айыппұл салынды.
«Жыл басынан бері инспекторлар киік терге браконьерліктің 56 фактісін анықтады, 4777 мүйіз және 141 ұшасын тәркіледі», - дейді ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев.
Өз сөзінде ол тұрақты қорғаудың арқасында ақбөкендердің саны 842 мыңға жеткенін тілге тиек етті. Қазір елде 489 құс және қосмекенділердің 12 түрі, сондай-ақ сүтқоректіледің 178 түрі бар. Оларды күзету табиғатты қорғау ұйымдарының инспекторлары жүзеге асырады.
Көп оқылған
13.09.2026, 21:23
«Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес»: танымал әнші басына түскен ауыр жағдайды айтты (ВИДЕО)
13.09.2026, 17:34
Өз үйін шатастырып алған: Қосшыда тұрғындардың мазасын алған 46 жастағы азамат ұсталды
13.09.2026, 13:15
Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды
13.09.2026, 07:27
Головкин әлемдік спорт қауымдастығында тағы бір қызметке сайланды
13.09.2026, 20:16
Өскеменде Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамның мәйіті бірнеше аптадан соң табылды
13.09.2026, 23:07
Семейде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалды (ВИДЕО)