СҚО-да жыл басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілері 600-ден аса тәртіп бұзды
Автобус парктерінің 7 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Солтүстікқазақстандық полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан болатын бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтті. 4 қазаннан бастап өңірде «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Операцияның бірінші күні полицейлер СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері, экология департаменті мамандарының, сондай-ақ СҚО бойынша «Бірінші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының» басшысы Руслан Асаубаевтың қатысуымен профилактикалық рейдке қатысты. Набережная көшесіндегі соңғы аялдамада бірқатар бұзушылықтар анықталды. Газ талдағышты пайдалана отырып, экологтар № 20 және № 6 екі маршруттық автобустарда шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерінің асып түскенін тіркеді.
Патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 334-бабы бойынша хаттамалар толтырды. СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов нақтылағандай, рейдтердің мақсаты анықталған құқық бұзушылықтардың саны емес, жолаушылар мен автобус жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету болып саналады.
Жыл басынан бұл қоғамдық көлік тарапынан болатын бұзушылықтардың алдын алу желісі бойынша үшінші іс-шарасы. Қаңтар мен маусым айларында өткізілген «Автобус» іс-шарасының алдыңғы екі кезеңінде жүргізушілер тарапынан 663 бұзушылық анықталды. Автобус парктерінің 7 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Автобус» Республикалық жедел алдын алу шарасы 13 қазанға дейін жалғасады.
Жалпы, осы жылдың тоғыз айында облыс жолдарында 122 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 163 адам жарақат алып, 23 адам қайтыс болған.