Апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі Мәскеуге жіберіледі
Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының қара жәшігін оқу үшін Мәскеуге жібереді

Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының қара жәшігін оқу үшін Мәскеуге жібереді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кеше вице-премьер Роман Скляр мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасымен сөйлесті. Бүгін кешке, 18.40-та Мәскеуден Алматыға сарапшы келеді. Жедел-тергеу тобы жұмыс істейді, борттық өздігінен жазушылар алынды. Ертең біз қара жәшікті оқу үшін мемлекетаралық авиация комитетіне, Мәскеу қаласына жібереміз. Дүйсенбіден бастап жұмыс басталады», - деді Камалиев Нұр-Сұлтан қаласындағы ОКҚ брифингінде.
Еске салсақ, 27 желтоқсан күні таңғы сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан «Бэк эйр» әуекомпаниясының №Z2100 рейстегі Fokker-100 ұшағы бетон ғимаратқа соғылып, апатқа ұшыраған болатын. Ішкі істер министрлігі қаза тапқан 12 адамның аты-жөнін жариялады.
Дереккөз: Tengrinews.kz