Ақтөбе облысында жол апатынан 19 жастағы жігіт қаза тапты
Қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні Ембі қаласының маңында болған
Ер адам рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы Полиця департментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні таңғы сағат 6.30-да Ембі қаласының маңында болған.
«ВАЗ-2110 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі, Қандыағаш қаласының тұрғыны рөлге ие бола алмай, көлігі аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жолда жүру ережелерін барынша сақтауды сұрайды. Есіңізде болсын, автокөлік – үлкен қауіп көзі. Ережелерді елемеу қайғылы оқиғаға ұшыратуы мүмкін. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз», – делінген хабарламада.