Ақтөбеде «Toyota Camry» жүргізушісі екі әйелді қағып кетті
Жаяу жүргіншілер ауруханаға жеткізілді
Ақтөбеде «Toyota Camry» жүргізушісі екі әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 25 қыркүйегінде «Toyota Camry» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі «Қарғалы» тұрғын үй кешені жағында келе жатып, көлік құралының қозғалысы бойынша жол бойымен ілеспе бағытта келе жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда аса мұқият болуға, күрделі жол жағдайларында жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, басып озу маневрлерін қоспағанда, жылдамдық режимін шамадан тыс асырмауға, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шықпауға шақырады. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық беру керек.