24.09.2021, 11:50
Оқиғалар
Жезқазғанда клиент такси жүргізушісін сыра бөтелкесімен ұрған
Күдікті ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: ашық дереккөзден
Жезқазғанда клиент такси жүргізушісін сыра бөтелкесімен ұрды, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 50 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші таксист болып жұмыс істегенін айтты. Сағат 04.00 шамасында тағы бір клиент оның көлігіне отырған. Көрсетілген мекенжайға жеткен жүргізуші ер адамның көбікті сусын ішкенін байқап, оған ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде клиент такси жүргізушісін шыны сыра бөтелкесімен басынан ұрып, көліктен шығып кеткен.
Полиция қызметкерлері күдіктіні – 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды