Қостанай облысында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Жол-көлік апаты Щербаково кентінің маңындағы Алматы-Екатеринбург тас жолында болды
Қостанай облысында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy alau.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік апаты 19 қыркүйекте Щербаково кентінің маңындағы Алматы-Екатеринбург тас жолының 587-шақырымында болды. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 57 жастағы КамАЗ жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Жүк көлігі 55 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ-2106» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
КамАЗ жүргізушісінің спирттік ішімдік ішпегені анықталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігінде көзделген, яғни «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жыл басынан бері облыс аумағында 229 ЖКО болды, онда 50 адам қаза тауып, 261 адам жарақат алды.