ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

Алматыда пәтер ұрысы қолға түсті

Ұрлықшы уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматыда пәтер ұрысы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын сотты болған 1973 жылы туған У. есімді азаматты өткен күні Гагарин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында жедел қызметкерлер ұстады.

«Ұсталардан бірнеше минут бұрын сотталушы алматылық бойжеткеннің пәтерін тонап кеткен. Ол пәтерден  алтын бұйымдарды ұрлап, үй иесіне 200 мың теңгеден астам материалдық залал келтірді. Кіреберістен шыққан сәтте күдікті қолға түсті. Ұрланған бұйымдар процессуалдық тәртіппен тәркіленді. Сонымен қатар, тергеу-жедел тобы күдіктіні тексеру кезінде табылған пневматикалық тапаншаны да қылмыстық іс материалдарына тіркеді. У. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Полиция өкілі қазірдің өзінде ұсталған адамның осындай үш ұрлыққа қатысы туралы сенімді деректер бар екенін жеткізді.