$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2021, 00:27
Оқиғалар

Елордада көңілдесі мен пәтер қожайынын өлтіріп кеткен ер адам ұсталды

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды

Елордада көңілдесі мен пәтер қожайынын өлтіріп кеткен ер адам ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда ер адам өзінің көңілдесі мен пәтер қожайынын өлтіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қанды оқиға 16 қыркүйек күні сағат 10.00 шамасында болған.

«102 нөміріне қаладағы пәтерлердің бірінен пышақ жарақатын алған 26 жастағы әйел мен 68 жастағы ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті ретінде марқұм болған әйелдің 34 жастағы көңілдесін ұстады», - делінген ПД хабарламасында.

Белгілі болғандай, ер адам мен әйелдің арасында жанжал туындап, артынша ер адам көңілдесін пышақтап тастаған. Жанжал барысында әйелге араша түскен 68 жастағы пәтер иесі де көптеген жарақат алған. Екеуін де пышақтап тастаған ер адам дереу қылмыс орнынан ізін суытқан.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары