$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2021, 15:45
Оқиғалар

Оралда болған жаппай төбелестің видеосы тарады

Оған қатысушылардың бірі есірткіге мас күйде болған

Оралда болған жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«7 қыркүйек күні сағат 01:10-да белгісіз адамдар Жүнісов көшесі, 106 мекенжайындағы "Пинта" мейрамханасының жанында бұзақылық ниетпен 1996 жылғы Қ. Есімді азаматқа дене жарақатын салған», - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан жасырынбақ болған 27, 28 және 24 жастағы үш жігітті анықтады.

«Полицейлер 1994 жылы туған Т. есімді жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандығын және медициналық куәландыруға сәйкес "канабиноидтарды" (марихуананы) пайдаланғаннан кейінгі есірткіге мас күйде болғанын анықтады», - деп толықтырды полициядан.

Қазіргі уақытта бұзақылық фактісі бойынша ҚР ҚК 293 бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 346 бабы 1-бөлігі (алкогольдік масаң күйдегі т/құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның т/құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары