$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2021, 10:03
Оқиғалар

Қызылордада тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды сақтаған тұрғын ұсталды

Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынды

Қызылордада тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды сақтаған тұрғын ұсталды

Тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды сақтаған қызылордалық ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағында сотпен тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды “Вконтакте” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында сақтаған деструктивті діни ағымын ұстанатын 40 жастағы облыс тұрғыны анықталды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігінде (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 40 838 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары