Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті
Ұшақ бортында 100 адам болған

Алматы түбінде болған ұшақ апатынан қайтыс болғандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
«27 желтоқсан күні таңғы сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының №Z2100 ұшағы Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында әуеге көтеріліп, биіктік ала алмай, бетон қоршауға соқтығысты. Салдарынан, ұшақ екі қабатты ғимараттың үстіне құлады. Шұғыл құтқару жұмыстары басталып кетті, өрт болған жоқ. Қазіргі таңда экипаж мүшелері мен бортта болған жолаушыларды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда 9 адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат бар. Премьер-министрдің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды, оған вице-министр басшылық етуде. Комиссия оқиға орнына аттанды, апаттың мән-жайын анықтайтын болады. Оған дейін аталған типтегі ұшақтардың ұшырылуы уақытша тоқтатылады. Ұшақ бортында 95 жолаушы мен экмпаждың 5 мүшесі болған», - делінген аталған хабарламада.