15.09.2021, 17:43
Оқиғалар
Маңғыстау облысында оннан астам киік жол құрылысшылары қазған шұңқырға түсіп кетті (ВИДЕО)
Жануарлардың кейбірі жарақат алған
Әлеуметтік желіде оннан астам киіктің терең шұңқырға түсіп кеткен видеосы тарады. Видео авторы оқиғаның Маңғсытау облысында болғанын көрсеткен.
Instagram желісіндегі aktauinfo парақшасында жарияланған видеороликте аталған шұңқырдың жол құрылысы үшін салынғаны айтылған. Оған түсіп кеткен киіктер жанталасып, бірін бірі таптай берген. Видео соңында ауыр техникалардың бірі киіктердің шұңқырдан шығуына ыңғайлы етіп топырақтан жол төсеп беріп, жануарлар түгелімен далаға жіберілді.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 09:29
Марқакөлде балалардың көзінше сынып жетекшісін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды
19.11.2026, 07:37
Елордада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
