ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Алматы облысында марқұмды еске алуға жиналған жұрт жаппай төбелескен

Жанжалға егде жастағы әйелдер де араласқан

Алматы облысында марқұмды еске алуға келген қонақтар дастархан басында арақ ішіп, соңы жаппай төбелеске ұласқан. Полиция департаменті оқиғаға қатысушылардың бәрін анықтап, үйдің иесін де, төбелес шығарған қонақтарды да жауапкершілікке тартты.

12 қыркүйек күні түскі уақытта Іле ауданының Междуреченск кентіне қарасты «Сокол» саяжайында 34 жастағы тұрғын өз үйінде еске алу шарасын ұйымдастырған. Қонақтарды асқа шақырып, өзі масайып қалған жігіт пен оның туыстарының арасында жанжал шығып, соңы жаппай төбелеске ұласқан.

«Жанжал қатысушылардың ешқайсысы полицияға жүгінген жоқ. Дегенмен, Іле ауданының ПБ қызметкерлері тексеру жүргізді. Нәтижелері бойынша үй иесіне қатысты карантин режимін бұзғаны үшін Іле санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына материал жолданды. Жанжал тудырған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабында қарастырылған «ұрып-соғу» әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал жақын арада мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданады, - деп хабарлады Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.