ШұғылЕлімізде бір тәулікте 36 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Алматыда ер адам жұрттың көзінше терминалды бұзып, шотына ақша аударып алған

Оның әрекеті бейнекамераға түсіп қалған

Алматыда терминал бұзушының әрекеті бейнеге түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауда үйлерінің бірінің кіреберісінде орнатылған букмекерлік кеңселердің бірінің терминалын бұзған ер адам шамамен 100 мың теңге «тапқан».

«Өтіп бара жатқан адамдардан ұялмастан, қаскөй терминалдағы құлыпты ашып, ақша сақтау құрылғысына қол жеткізе отырып, қажетті соманы өзінің жеке кабинетіндегі шотына аударған. Оның қылмыстық әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бұл бір жағынан,  күдіктінің жеке басын анықтауға және оның қылмысқа қатыстылығын дәлелдеуге мүмкіндік берді. 34 жастағы С. есімді азамат ұсталды және қамауда отыр. Ер адам қылмысын бірден мойындады. Айғақты заттар тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыс бойынша тергелуде», - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Батур Абдумасаров.