Маңғыстауда автокөлік жартастан құлап кетті: жүргізуші көз жұмды

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Маңғыстау облысына қарасты Қызыл Өзен ауылының маңында жол-көлік апаты болып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 8 қыркүйек күні түнгі сағат 00:10 шамасында Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші пультіне хабарласқан әйел адам күйеуінің жоғалып кеткенін хабарлаған. Оның айтуынша, күйеуі үйден күндіз «Opel Vectra» автокөлігімен шығып кеткен. Алайда онымен телефон арқылы сөйлескен соң көп ұзамай күйеуімен байланыс үзілген.

«Полиция қызметкерлері ауданды түні бойы түгел қарап шықты. Алайда аталған автокөлік келесі күні таңғы сағат 9:00 шамасында Қызыл-Өзен кентінен табылды. «Opel Vecrta» автокөлігінің жартастан құлап кеткені анықталды. Көлік салонында тек жүргізуші болды. Ер адам құлаған кезде ауыр жарақат алып, соның салдарынан оқиға орнында көз жұмған», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.