10.09.2021, 14:12
Оқиғалар
Шоқысу стансасында жолаушылар пойызының вагондары зақымданды
Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ
9 қыркүйекте Ақтөбе бөлімшесінің Шоқысу стансасында жүк пойызының 26-шы вагонына тиелген кран жебесінің конструкциясы қозғалып кетіп, көрші жолдағы жолаушылар пойызының локомитиві мен вагондарын сырып өткен.
Атап айтқанда №77 Алматы-2 – Маңғыстау жолаушылар пойызы локомотивінің шанағы сырылып, буферлік шамы бүлінсе, 13 вагонға түрлі зиян келтірілді. Соның ішінде 2 вагонда терезелер сынған, 2 вагонда тұтқалар жұлынған.
ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойызы 17 минуттық кідірістен соң қайта жолға шықты. Осы жағдай бойынша тергеу жүргізілуде.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды