Қостанайда із-түзсіз жоғалған 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

Марқұм 25 тамыз күні Денисов ауданы Переписки ауылында жоғалып кеткен еді

Қостанайда із-түзсіз жоғалған 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда із-түзсіз жоғалған 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылды. 25 тамыз күні жұмысқа кеткен Евгения Казачук сол күйі үйіне оралмаған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер ҚР ҚК 99-бабы «Өлтіру» бойынша соталды тергеуді бастады.

«Бойжеткеннің денесін полицейлер оның жұмыс орнынан 150 метр жердегі орман алқабынан тапты. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды, сол арқылы өлімнің себебі анықталады», - деп мәлімдеді полициядан.

Ертеректе хабарланғандай, 19 жастағы бойжеткен 25 тамыз күні Қостанай облысының Денисов ауданы Переписки ауылында жоғалып кеткен.

Ол жол жиегіндегі кафеде аспаз болып жұмыс істеген. Евгения Казачукты іздеу жұмысына еріктілер жұмылдырылған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.