$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2021, 11:03
Оқиғалар

Петропавлда 40 адамды алдаған алаяққа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Жыл басынан бері полицейлер СҚО-да 83 интернет алаяқтықты ашты

Петропавлда 40 адамды алдаған алаяққа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Петропавлда интернет арқылы 40 адамды алдап соққан күдіктіге қатысты іс тергеліп жатыр. 32 жастағы алаяқ Алматы қаласының тұрғыны. Ол хабарландыру сайттарына жарнама орналастыру арқылы заңсыз ақша тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері тамыз айында күдіктіні қолға түсірген. Сол кезде ол сегіз эпизод бойынша кінәсін мойындап жауап берген, алайда жедел уәкілдер ер адамның біраз дүниені бүккенін анықтады. Жәбірленушілердің көбі әлі де полицияға жүгінбеген. Қызметтік іссапар барысында жедел уәкілдер Қостанайда, Ақмола мен Павлодар облыстарының түрлі қалаларында отызға жуық эпизодты анықтады. Петропавлда тағы басқа жәбірленушілер де табылды. Осылайша, аталған іс бойынша 40 эпизод тіркелді. Келтірілген шығын сомасы әр түрлі, 15 мың мен 100 мың теңгенің аралығында. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Қылмыс кибер қылмыскерлердің арасында кең тараған сценарий бойынша жасалған. «OLx.kz» белгілі жарнама сайтында төмен бағамен автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектерді сату туралы хабарландыру орнастырылған. Сайт әкімшілігі интернет алаяқтық қаупі туралы ескертулер орналастырғанына қарамастан, адамдар айлакердің құрығына түсіп жатады. Алдын ала төлем алғаннан кейін қаскөй байланысқа шығуын қояды. Тұрғындардан интернет арқылы сауда жасау кезінде абай болуды сұраймыз. Тауар мен қызметтер үшін алдын ала төлем жасау талабына келіспеу қажет. Ұсынылған тауардың нақты барына көз жеткізу үшін сатушыдан қосымша бейне шолу жасауды сұраңыз, бұл шолуда міндетті түрде сақталуға тиісті шарт қойыңыз», — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Пётр Климов.

Мамандардың айтуынша, әсіресе киберқылмыс фактілері көбейіп тұр. Жыл басынан полицейлер СҚО-да 83 интернет алаяқтықты ашты.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары