$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2021, 10:44
Оқиғалар

«Өміріміз тозаққа айналды». Алматыда әкесі қызын зорлаған отбасы көмекке мұқтаж

Зорлық жасаған әке темір торға қамалды, алайда қарызын түгел отбасының мойнына іліп кетті

«Өміріміз тозаққа айналды». Алматыда әкесі қызын зорлаған отбасы көмекке мұқтаж
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Алматыда 12 жастағы қызды туған әкесі зорлаған. Ауыр қылмыс жасағаннан кейін бүкіл отбасының өмірі тозаққа айналды. Зорлыққа барған әке сотталды. Ал, бар қиындық үш балаға жалғыз өзі пана болып қалған жалғызбасты ананың мойына жүк болған, деп хабарлайды AstanaTV тілшісі.

37 жастағы алматылық тұрғын - үш баланың анасы осыдан екі жыл бұрын болған оқиғаны әлі күнге дейін өкінішпен еске алады.

«Туған әкесі біздің екінші қызымызды зорлады. Ол кезде қызым небәрі 12 жаста еді. Оны үлкен қызым көрген. Сұмдық оқиғаға куә болған қызым маған қоңырау шалды. Мен жұмыстан жүгіріп шықтым. Оны бірден полиция алып кетті. Ол мас күйде болды», - дейді әйел.

Сот зорлаушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ал әйелдің алдында зорланған қызының психикасын қалпына келтіріп, үш баласын асырау міндеті тұрды. Ол аздай, қылмыскер банктен алған несие қарызын әйелі мен балаларының мойнына іліп кеткен.

«Менің күйеуім достарымен бірге несие алған. Олар өз ісін ашуды жоспарлаған болатын. Кейін менің күйеуімнің есірткі қолданғаны белгілі болды. Ол арақ іше бастады… Қыста пеш жағып, жұмысқа кетемін. Мен кенет бір нәрсе бола ма деп, үнемі балалар үшін алаңдап жүремін. Үй иесі бұл жер учаскесін сатуға қойды. Егер сатылса, қайда баратынымызды білмеймін», - дейді ана.

Қиын жағдайға тап болған отбасы суды көршілерінен сұрап ішіп отыр. Тіпті, бұл үйде электр жарығынан басқа ештеңе жоқ екен.

«Бұл отбасы ашық түрде көмек сұрай алмайды. Менің айтарым оларға тұрақты баспана қажет. Біз заттай, азық-түлік түрінде көмектесеміз. Бірақ мұнда өмір сүру мүмкін емес. Бұл отбасына көмектесе алатын меценаттарды табуға тырысамыз», - деді «Svet» қоғамдық қорының директоры Кирилл Вшивков.

Наурызбай ауданының әкімдігі де жақын күндері отбасының өмір сүру жағдайымен танысып, қажетті көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

«Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасаймыз. Яғни, олар қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын анықтаймыз. Болашақта демеушілердің қолдауымен материалдық, гуманитарлық көмек көрсетіледі», - деді Наурызбай ауданы әкімдігінің Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Еркін Сыдықов.

Серіктес жаңалықтары