$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.09.2021, 16:41
Оқиғалар

Жамбыл облысында аудан әкімдігінің қызметкері өлі табылды

Ол өзінің аңшылық мылтығымен өзіне оқ атқан

Жамбыл облысында аудан әкімдігінің қызметкері өлі табылды
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында аудан әкімдігінің қызметкері өлі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 2 қыркүйегінде Талас аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қаратау қаласы көшелерінің бірінен оқ тиіп қайтыс болған ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келгеннен кейін, қаза тапқан адамның атына тіркелген аңшылық мылтықтан өзіне оқ атқаны анықталды.

Қайтыс болған адамның жеке басы анықталып, оны туыстары таныды. Ол аталған елді мекеннің тұрғыны болып шықты.

Өзіне-өзі қол жұмсау себебін (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) және істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу органдары ҚР ҚК 105 бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚІЖК 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде істің басқа да егжей-тегжейлері жария етілмейді.

Іnbusiness.kz порталының хабарлауынша, қаза тапқан ер адам - Талас ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы.

Серіктес жаңалықтары